Үкімет

ҚР Премьер-Министрі ауыл шаруашылығы министріне мал жерлейтін жерді реттеуге тапсырма берді

Үкіметтің отырысының басында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысында болып қайтқаннан кейін және сібір жарасы бойынша өткізілген жиналыстан кейін бірқатар сұрақтардың туындағанын айтты, оның ішінде малдарды жерлейтін жер үйлесіміне байланысты.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 11:28

«Кеше біз Қарағанды облысында сібір жарасы бойынша мәселеге орай жиналыс өткіздік. Барлық жағдайды қарастырып отырғанда, бізде жерлейтін жердің мәселесі бақылаудан шыға бастады. Менің ойымша, бұл ретте нақтылап  анықтау керек. Кеше мен осындай тапсырма бердім. Келесі отырысты осы мәселемен бастаймыз. Асқар Исабекұлы, үйлестіру жұмысы әкімдермен бірге сіздің мойныңызда. Біз қай жерде жерлейтін жерлердің бар екендігін және малдардың қайда бағылатындығын нақты білуіміз керек. Ақша осыған бөлінді. Ақшаның қай жаққа жұмсалғандығын қарау керек және оған кімнің жауапты екенін. Тек Қарағанды облысы бойынша ғана емес, сонымен қатар барлық облыстар бойынша»,-деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар, сөз барысында санитарлық бақыалу мен денсаулық сақтауға бірігу керектігін айтып өтті.

«Осы карта бойынша қозғалатын екінші мәселе медициналық қадағалау. Менің ойымша қай жерде дағдыланып жатқаны, ал қай жерде дағдыланбай жатқаны бойынша бақылау жеткілікті емес.  Үшінші бөлім – біз санитарлық бақылау мен денсаулық сақтауды біріктіруіміз керек. Дариға Назарбаева сізге тапсырма беремін, ұсыныстарыңызды енгізініз»,-деді Үкімет басшысы.

 




Яндекс.Метрика