Басқару

Д.Абаев: АКМ-нің маңызды міндеті -журналистің мәртебесін көтеру, оның қызығушылығы мен құқығын қорғау (ФОТО)

Ақпарат және байланыс күніне арналған салтанатты шара барысында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев жиналған қауымды журналистердің кәсіби мерекесімен құттықтады.
Нұр-Сұлтан 28 Маусым, 11:09

«Заманауи әлемде ақпарат өмірдің барлық даму саласын анықтайды. Халықаралық сараптама құрылымдарының бағалауы бойынша, масс-медианың әлемдік нарығының өсімі 5 пайызға тең.  Осы ортада қазақстандық медиасала да дамып жатыр. Жыл сайын Қазақстанда жаңа баспасөз мен ресурстар  пайда болып, көрермен мен оқырман үшін бәсекелестік артуда», - деді Д.Абаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы отандық БАҚ-ты дамытудағы проблемалық бағыттарды айтып өтті. Министрлік аталмыш салаға аса зер салуды жоспарлауда.

«Біріншіден, журналистің мәртебесін көтеру, оның құқығы мен қызығушылығын қорғау мәселесі аса маңызды. Екіншіден, мемлекеттік органдардың БАҚ алдындағы ашықтығы мен қолжетімділігі. Бұл мәселе екі үрдісті қамтып отыр, себебі мемлекеттік бастаманы түсіндіру қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды факторы. Үшіншіден, журналистика факультеттерінде оқыту бағдарламасын өзектілендіру жүреді. Тәжірибелік оқыту үлесі ұлғайтлады. Төртіншіден, біз өңірлік БАҚ дамуына аса назар аударатын боламыз. Себебі, кейбір өңірлерде жергілікті проблеманы көтеретін тәуелсіз басымылымдар жетіспейді», - деді министр.

Салтанатты шара барысында министр БАҚ қызметкерлеріне төс белгілерін  табыстады. 

Сурет: Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика