Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Астанада Ұлт жоспарын жүзеге асыруда омбудсмен рөлін талқылауда (ФОТО)

Астанада «Қоғамды жаңарту жағдайындағы адам құқығы бойынша уәкілеттілердің рөлі мен міндеттері» атты жоғары деңгейлі халықаралық конференция өтуде, шара Қазақстандағы адам құқығы бойынша Омбудсмендердің Еуропа Кеңесімен, ЕО және Орталық Азия үшін адам құқықтары бойынша БҰҰ-ның Жоғарғы комиссарының Өңірлік кеңсесімен бірге ұйымдастырылды.
Нұр-Сұлтан 28 Маусым, 11:03

Конференция аясында Қазақстанда адам құқығын қамтамасыз ету мәселесі, мемлекеттік органдар, азаматтық секторлар мен ұлттық ұйымдар арасындағы әрекеттестік, адам құқықтары мен теңдік саласындағы ұлттық институттарды нығайту мәселелері талқылануда.

Қазақстандық Омбудсмен Асқар Шәкіровтың айтуы бойынша, Ұлт жоспарын іске асыру адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің қызметімен тікелей байланысты.

«Бес институционалдық реформа – «жүз нақты қадам» кәсіби мемлекеттік аппарат және есеп үкімет құруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Соған қарамастан, Қазақстандағы адам құқықтарының жұмысы ашық және инклюзивті сипатқа ие, оған азаматтық қоғам институттары өзекті түрде жұмылдырылып отырады. Сонымен қатар, еліміздің ішінде және тыс болып жатқан оқиғалар жүзеге асырылатын іс-шаралар үшін толықтырулар мен түзетулерді қажет етеді»,-деді А.Шәкіров.

Конференция жұмысына ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов, ҚР Сенат Парламентінің спикер орынбасары Асқар Бейсенбаев, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган мен халықаралық ұйымдардың басшылары, шетел мемлекеттерінің елшілері, Қазақстанның мамандандырылған омбудсмендері, адам құқығы саласы бойынша халықаралық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми өкілдер қатысуда.

Айта кетейік, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту мақсатында конференцияның қорытынды ұсыныстары тиісті органдарға жіберілетін болады. Сонымен қатар, айта кететін жайт, шара «Қазақстанда сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін қазақстандық билікті қолдау» атты ЕО пен Еуропа Кеңесінің біріккен бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда.

Ботагөз Айтжанова

Сурет:Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика