Адами капитал

Д.Назарбаева: Ақпарат және коммуникация стратегиялық сала болып табылады

Астанадағы байланыс және ақпарат қызметкерлері Күнін атап өтуге арналған салтанатты жиында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның үндеу оқылды.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 10:37

«Бүгінгі таңда ақпарат және коммуникация саласы стратегиялық салаға айналды. Әлем жылдам өзгеруде және біздің ақпараттық байланыс бұл тұрғыда үлкен маңызға ие болды. Бүгінгі электронды ақпарат ғасырында қысқа уақыттың ішінде кез-келген жаңалық әлемді шарлап кете алады. Әсіресе заманауи ақпарат байланысы мен бұл саланың көптеген кәсіби мамандары ақпараттың адамдарға жылдам жетуін қамтамасыз етіп, журналист мамандығының маңыздылығын одан әрі арттыра түсуде. Журналист қоғам өміріне айтарлықтай әсер ететін мамандық»,-делінген Д.Назарбаеваның үндеуінде.

Сондай-ақ, құттықтауда қазақстандық журналистика өзінің аудиториясы сияқты ақпарат айдынында қалай жүзуді, қатаң бәсекелестік жағдайында алға ұмтылып келе жатқаны да айтылған.

«Өз тәуелсіз кеңістігіңді құру жетістігің, ұлттық қауіпсіздікті нығайту мен тәуелсіздікке байланысты және сіздерге де қатысты құрметті достар. Біз қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы соғыстың не екенін білмей өсіп келе жатқанына, аналардың балаларын жоқтамай, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейінің айтарлықтай өскенін мақтан етеміз. Бұл сіздердің де еңбектеріңіз, құрметті әріптестер»,-деп қортындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары өзінің құттықтау хатын. 




Яндекс.Метрика