Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Тұңғыш Президентінің Күніне орай 40 шара өткізеді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында ел жетістіктері мен басым бағыттарын іске асырудың негізі ретінде атап көрсеткен қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының ұлттық бірлігін әрі қарай нығайтуға бағыттаған Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараларын өткізеді, деп ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 11:05

«Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана және Алматы қалалары, облыстар ассамблеялары, этномәдени бірлестіктер Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өту аясында 40-тан аса тақырыптық шаралар: конференциялар, «дөңгелек үстелдер», мерекелік жиындар, көрмелер, жарыстар, өнер және қолөнер шығармашылығының фестивальдерін және т.б. өткізеді», - делінген хабарламада.

27 қарашада Қазақстан-Ресей университетінде Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық дәрісі өтеді. «Астана Мьюзик Холл» ғимаратында «Этно-FASHION» ұлттық костюмдер сайысының қорытындысы шығарылады және «Туған жер – алтын бесігім» атты Астана қаласындағы этностардың республикалық күні аясында Жамбыл және Қызылорда облыстары этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық концерті өтеді.

Сондай-ақ, 28 қараша, «Шабыт» өнер сарайының ғимаратында  Халықаралық Бейбітшілік және Келісім конференциясы өз жұмысын бастайды.Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мұрагер» халық шығармашылығы бұйымдары және сурет көрмесімен ашылады .

Ж.Жабаев концерт залында Халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтеді, оның аясында белгілі халықаралық сарапшылар мен ғалымдар, Қазақстанның ресми тұлғалары мен қоғам қайраткерлері сөз сөйлейді .




Яндекс.Метрика