Басқару

Монополияға қарсы орган ҚР нормативтік құқықтық актілерінде бәсекелестікке қарсы нормаларға жол бермейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Экологиялық нормативтер мен талаптарды сақтауды ынталандырудың экономикалық тетігі жөніндегі іс-шараларды енгізу жөніндегі кешенді шаралар жобасын (Кешенді шаралар жобасы) қарау шеңберінде бәсекелестікке қарсы нормаларды белгіледі, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 15:03

Кешенді шараларға сәйкес өндіру және тұтыну шығарындыларын жою және өңдеуді жүзеге асыру кезінде ластаушы заттарды атмосфераға тастандылар және су объектілерін ағынды суларды ағызулардың көлемдерін қысқартатын компанияларға жеңілдіктер мен преференциялар беру көзделген.

Сондай-ақ, жобада ерекше ереже қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға бағытталған технологияларды енгізген осы сала кәсіпкерлігінің субъектілеріне де қолданылды.

Сонымен қатар нарықта осындай ұқсас қызмет түрін көрсететін, басқа жеңілдіктері мен преференциялары жоқ  басқа да компаниялар бар.

Осылайша, кейіннен  аталған Кешенді шаралар жобасының нормаларын  іске асыру осы компанияларға қатысты  тең емес тәсіл жасай алады.

Практика жүзінде қалыптасуы мүмкін жағдай, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 162-бабының 2-тармағына  бәсекелестіктің негізгі қағидаттары жарыспалылық нарықтың субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылу шартына қайшы келеді.

Бұдан басқа, Кәсіпкерлік кодексінің 163-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін әрекеттерді жасамауға міндетті екендігін ұмытпау маңызды.

Бәсекелес ортаға жаңа ережелерді енгізуден теріс әсерін ескере отырып, Комитет Энергетика министрлігіне тиісті ұсыныстар мен ескертулер жіберді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика