Өңірлер

2016 жылы Ақмола облысында 101,4 млрд теңгенiң 94 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған

Облыс әкiмдiгiнде өңiр басшысы С.В. Кулагиннiң төрағалығымен аппараттық жиналыс өттi. Жиналыс барысында инвестиция тарту, жылу беру маусымына дайындық және әлеуметтiк нысандардың жөнделуi сияқты мәселелер қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола28 Маусым , 10:54

Облыс әкiмi аудандар мен қала әкiмдерiне, сондай-ақ барлық өңiрлiк ведомство басшыларына орташа айлық жалақы деңгейiн арттыру туралы тапсырды.

«Өңiр басшысы әлеуметтiк нысандардың жөнделуiн уақытылы жүргiзу туралы да айтты. Облыстық бiлiм басқармасының басшысы Б. Iзбасарованың мәлiмдеуiнше өңiрде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 16 объектiде жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде және олардың барлығы қатаң бақылауда», - делінген хабарламада.

Одан өзге, облыс басшысы ведомства басшыларына өңiрге инвестиция тарту мәселесiн белсендiру қажеттiгiн айтты. Облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Б.Мұстафиннiң мәлiметiнше 2016 жылы облыстта бас аяғы 101,4 млрд.теңгенiң 94 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл 3 145 тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiк бередi.

Бүгiнде облыс бойынша 3,9 млрд. теңгенiң 19 жобасы енгiзiлiп, 455 мың жұмыс орны құрылған.

Жиналыс қорытындысы бойынша С. Кулагин аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiн арттыру, жылу беру маусымына дайындық, инвестиция тарту т.т. бойынша нақты тапсырмалар бердi.

 

 

 




Яндекс.Метрика