Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда «ҚазТрансОйл» АҚ жаңа нысаны пайдалануға берілді

«663км» мұнай сорғыш станциясында Үзен-Атырау-Самара мұнай құбырының магистралінде электрмен жабдықтайтын қосалқы станция пайдалануға берілді.
Казахстан28 Маусым , 10:21

«663км» мұнай сорғыш станциясында 220/110/10 КВ (ПС) электрмен жабдықтайтын қосалқы станциясы нысанды электрмен жабдықтауды арттыру үшін жаңартылды.

Ұлттық компанияда хабарлағандай, Сорғыш станциясында  қорғаныс, басқару, автоматтандыру сынды қазіргі заманның кешенді жүйесі орнатылған. Сорғыш станция «663км» мұнай сорғыш станциясын қайта жөндеудегі ең ірі капиталды нысанның бірі болып табылады.

Сорғыш станциясының пайдалануға беру актісіне  2016 жылдың 14 маусым айында қол қойылды. Оның құрылысы 2,2 млрд теңгені құрады.

Естерінізге сала кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы, магистральдық мұнай құбыры жөніндегі Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өндірістік компаниялары Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.




Яндекс.Метрика