Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ақмола облысында әкiмдiк пен судьялар корпусы өзара әрiптестiк жөнiндегi Меморандумға қол қойды

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған тапсырмаларды iске асыру мақсатында Ақмола облысының әкiмi С. Кулагин мен Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдiқанов өзара ынтымақтастық жөнiндегi Меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола28 Маусым , 10:04

Меморандумға қол қою дөңгелек үстел басында облыстың судьялар корпусының, облыс әкiмдiгiнiң, Қазақстан халқы Ассамблеясының, медиацияны дамыту орталығының, адвокаттар коллегиясының, нотариалдық палата мен үкiметтiк емес ұйымдары өкiлдерiнiң қатысуымен өттi.

Ақмола облысының әкiмi С. Кулагин өз сөзiнде Ақмола облыстық соты мен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң арасындағы өзара ынтымақтастық жөнiндегi Меморандумға қол қою ең алдымен қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз еудiң конституциялық принцiпiн жүзеге асыруға және мемлекет өмiрiнiң маңызды мәселелерiн шешуге бағытталған деп атап өттi. «Татуласу рәсiмдерi институты, нақтырақ айтсақ медиация құқықтық дауларды реттеу әдiсi ретiнде, қоғамдық өмiрде ерекше маңызға ие. Қылмыстық iстерге қатысатын алқа билердi тиiстi әрi уақытылы iрiктеу бойынша соттардың жұмысы, әкiмдiктердiң алқа билiгiне үмiткерлер тiзiмiн сапалы құрастыруына байланысты» — дедi С. Кулагин.

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс әкiмiне облыс орталығы мен аудандарда медиация кабинетiн ашу бойынша атқарылған жұмыстар үшiн алғысын бiлдiрдi. Сонымен қатар iс-шараға қатысушыларға сот iсiн жүргiзудегi ақпараттық технологияларды насихаттау сұрақтарын шешудегi өзара әрiптестiгi мен көрсетiлген қолдаулары үшiн алғыс бiлдiрдi.




Яндекс.Метрика