Астана күні

Астананың даму қарқынын әлемдегі ең жоғары және лайықты көрсеткіш деп бағалауға болады - ОАР

Астананың даму қарқынын әлемдегі ең жоғары және лайықты көрсеткіш деп бағалауға болады, деді Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларындағы Оңтүстік Африка Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ширши М.Сони Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 09:48

«Астана жоғары деңгейдегі және жоғары құндылыққа лайықты қала. Мен мұнда келген сайын қаланың ажарлана түскенін көрген сайын тамсанамын, таң қаламын. Қазақстанның жаңа астанасы ірі мемлекеттің өркениетті астанасы деген атқа толық лайық. Астананың даму қарқынын әлемдегі ең жоғары және лайықты көрсеткіш деп бағалауға болады»,-деп мәлімдеді елші.

Оның айтуынша, Қазақстанның астанасында елдің болашақтағы даму бағыттарының басымдығы байқалады. Астана жастарды көбірек оқып, білуге деген құштарлықтарын арттырып, шабыттандырады, деп атап өтті елші.

«Мен Қазақстанның барлық азамсаттарын, әсіресе астана тұрғындарын осынау керемет мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның барлық халқына ұзақ ғұмыр, бақыт пен гүлдену тілеймін»,-деп құттықтады елші.

Еске сала кетейік, 6 шілде күні ақазақстандықтар ел ордасы Астананың 18 жылдығын атап өтеді. Қала Күнін мерекелеу аясында Астананың басты алаңдарында бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика