Өңірлер

Павлодарда түсті металдар мен қоспалар кәсіпорны 900 тонна өнім шығарды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көмірсутегі, марганец, хром қосындылары бар болат, отқа төзімділігі жоғары шойын және түсті металлдар мен қоспаларды құюмен айналысатын «СНН» ЖШС-ің жұмысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар28 Маусым , 09:31

Серіктестіктің директоры Андрей Москалик аймақ басшысын кәсіпорынның ағымдағы жағдайымен таныстырып, металл құятын үш пештің өндірістік қуаттылығы және металл құю үрдісінің ерекшіліктері туралы айтып берді.

Жыл сайын «СНН» ЖШС-і 12 мың тоннаға жуық қара және 600 тонна түсті металл құймаларын жасап шығарады. Қазіргі таңда кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды. 2016 жылғы қаңтар-мамыр айлары кезеңінде кәсіпорын жасап шығарған тауар өнімдерінің таза салмағы 900 тонна болса, олардың құны 390 млн. теңгені құрады.

Облыс әкімі «СНН» ЖШС-і біздің өңіріміз үшін бірегей жоба екенін және кәсіпорын өндіретін металл қоспалары сапасы жағынан еуропалық стандарттарға жақын екенін айтты. Сонымен қатар, Болат Бақауов зауыт басшылығына олардың тауарларын нарыққа шығаруда көмектесетіні туралы хабарлады. Облыс әкімі аймағымыздағы ірі компаниялар зауытпен іскерлік қарым-қатынас орнататынына сенімді екенін жеткізді.

 




Яндекс.Метрика