Адами капитал

Әскери қызметші авиаторлар Отан алдында адал болуға ант қабылдады (ФОТО)

Ақтау қаласындағы авиациялық базада мерзімді қызметке қабылданған жас сарбаздар Отан алдында адал болу үшін ант қабылдады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 28 Маусым, 09:14

Жас жауынгерлер әскери қызметін өткеру үшін Атырау облысынан келді. Ант қабылдау арнайы бағдарламадан, атап айтқанда Конституцияны, Қазақстан Республикасын қорғау мәселесі туралы заңнаманың талаптарын зерделеуден басталды.

«Сендердің алдарыңда армияның қауырт күндері тұр, әскери істі адал үйреніңдер, өжет, ержүрек болыңдар, ең бастысы – бірліктерің мықты болсын. Бір-біріңді қолдап, қол ұшын беріңдер. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі атағына лайықты абыроймен қызмет атқарыңдар», - деді Әскери-әуе күштері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркен Жұмағалиев. Іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары келді. Сонымен қатар жас сарбаздарды бөлім басшылығы, туыстары мен достары құттықтады.

Ант қабылдаудан кейін туыстары мен жақындарына сарбаздардың қызмет өткеретін жағдайын таныстыру үшін оқу-жаттығу корпусы, казарма, асхана, спорт зал көрсетілді.

Аталған іс-шараның есте қаларлығы арнайы мақсаттағы бөлімшенің қоян-қолтық күрес элементтерін көрсеткен сәті болды. 30153 әскери бөлімінің басшылығы жас жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратындығын және бір жылдан соң аман-есен елге оралатындығын зор сеніммен айтты.

 





Яндекс.Метрика