Халықаралық интеграция

Д.Косенников: ТМД аясындағы ынтымақтастық – бұл пікірлер мен бірлескен бағдарламалар дайындығының алаңы

ТМД аясындағы ынтымақтастық – бұл пікірлер мен бірлескен бағдарламалар дайындығының алаңы, деді РФ денсаулық сақтау министрінің орынбасары – стататистика хатшысы Дмитрий Косенников Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатыда.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 08:57

«ТМД аясындағы ынтымақтастықтың өзінің белгілі бір тарихы бар. Егер Достастық қызметінің басына оралатын болсақ, онда біздің халықтың мүддесі тұрғысынан алдыңғы он жылдықтағы мүмкіндіктер мен байланыстарды сақтау жөнінде әңгіме болар еді. Қазіргі уақытта бұл пікірлер мен бірлескен бағдарламалар дайындығының алаңы болып отыр. Яғни, біздің мемлекеттер ұлттық мүделері есебінен басқа да халықаралық ұйымдардың алаңына шығуға мүмкіндігі бар»,-деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, ғылымды дамыту үшін біздің елдердің алдында тұрған өткір мәселелерді ретке келтіру керек болады және ынтымақтастық үшін, мемлекеттік орган сияқты, ғылыми ұйым құру мүмкіндіктерін қарастыру керек болады.  

«Ресей барлық елдерге табакка тәуелділіккке қарсы әрекет ету мен оны барлық ТМД-ға мүше мемлекеттерде төмендету бойынша бірлескен жоспар қарастыруды ұсынып келеді. Бұл жерде салауатты өмір салтын насихаттау шаралары қолға алынуы керек. Халықтың табак өніміне деген тәуелділігін төмендету жоспардың ең басты қағидасы болмақ»,-деп атап өтті ол.

Сарапшы ақпараттандырып өткендей, егер адам өмірін 10 жылға ұзартқысы келесе, біздің бірлесе іске асыратын жоспарларымыз сол жолға бағыттайды. Бүгінгі таңда дерттің 22%-ын шылым шегуден туындап отыр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика