Ұлтаралық бірлік

Т.Ширмер: ҚХА аймақтағы этностардың рухани-мәдени дамуына мүмкіндік береді

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы этномәдени бірлестіктердің қызметін белсендіріп, аймақтағы этностардың рухани-мәдени дамуына мүмкіндік берді, деді «Оберег» украин қоғамдық бірлестігінің төрайымыТамара Ширмер Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында.
Астана қаласы27 Маусым , 20:41

«ҚХА кең ауқымды халықаралық мойындауға ие болды. Оның ұлтаралдық диалог ұйымында тиімділігі бағаланып, ЕҚЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің де қызу қолдауын көріп келеді. Ассамблея бізді толеранттылыққа, ір этносқа деген құрметті арттырып, оның тілі мен мәдениетіне құрметпеу қарауға бағыттайды. Ассамблея бүгінгі таңда  оның төрағасының – ел Президентінің басқаруымен коституциялық мәртебеге ие»,-деді Т.Ширмер.

Сарапшы атап өткендей, Ассамблея этникалық топтардың мүдделері жоғары заңнамалық органда  - ел Парламентінде өкілдігінің болуымен үлкен маңызға ие. ҚХА Парламент Мәжілісіне 9 депутатты сайлады. Ассамблеядан сайланған депутаттар еліміздегі барлық этностардың мүдделерін қорғауға жұмылады.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы этномәдени бірлестіктердің қызметін белсендіріп, аймақтағы этностардың рухани-мәдени дамуына мүмкіндік берді. Біздің ортақ тарихымыз, ортақ мәдениетіміз, біздің құндылықтарымыз бен тіліміз, Қазақстан жерінде тұратын барлық этностардың шығармашылығы бізді мәңгілікке біріктірді. Біз келісім мен бейбітшілікте өмір сүруге мүдделіміз»,-деді «Оберег» украин қоғамдық бірлестігінің төрайымыТамара Ширмер.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика