Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР-да «Астана-Достық» тіркеме вагоны жолға шықты

Қазақстан республикасы инвестиция және даму министрлігі Алакөл курорт аймағына қарай жаз айларында туристік бағытты дамыту мақсатында «Астана – Достық» аралығына қатынайтын жағадан қосымша тіркеме вагон жіберетін болды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Астана қаласы27 Маусым , 20:12

Вагон «Астана - Үрімші» аралығында қатынайтын №53/54 жолаушы пойызына тіркеліп, 2 шілдеден бастап үш ай бойы аптасына бір рет жиілікпен жүретін болады. Тасымалдаушы – «Жолаушы тасымалы» АҚ.  Ол Астанадан әр сенбі сайын, ал Достықтан әр  сейсенбі сайын шығатын болады. Билет сату 13 маусымнан басталды.

Тарифтердің жұртшылыққа қол жетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында билеттер құны республикалық бюджеттен субсидияланатын болады. Қозғалыс аралығын қысқарту үшін Қытай тарапымен келісудің арқасында Жалаңашкөл станциясына аялдау ұйымдастырылатын болады.

 




Яндекс.Метрика