Технологиялар трансферті

Астанада брондалған көлік дөңгелегін өндіру жобасы таныстырылды

ОАР-ның «Парамаунт групп» компаниясы өкілдері Астанада брондалған көлік дөңгелегінің Қазақстандағы өндірісінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қараша , 10:57

«Парамаунт групп» компаниясы өкілдерінің сапары барысында ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін Астанада қаласында брондалған машина өндірісі мен оның техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мәселесін көтерді», - делінген хабарламада.

Компанияның басқарма төрағасы Роберт Джон Крейгтің айтуынша, жоба шеңберінде брондалған машинаны құрастыру бойынша технологиялық кешеннің құрылысы қарастырылуда. Сонымен қатар сыртқы саймандарды дәнекерлеу цехы мен өзге де жұмыстар бойынша 250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бар.

Айта кету керек, зауытта шығарылатын барлық техника халықаралық талаптарға сай дайындалып, оларды тек Қазақстан ішінде айналдырып қоймай, шет елдерге де сатуға мүмкіндік тумақ.

Мұнымен қатар «Парамаунт групп» компаниясы басшылығы мен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының басшылығының кездесуінде Қазақстанда әскери дөңгелекті машина дайындау мен оны техникалық жарақтандыру бойынша өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Парамаунт групп» компаниясы жобалау, интеграция, аэрокосмостық, қорғаныс, ішкі қауіпсіздік, соның ішінде брондалған машина мен минақауіпсіз транспорттық көліктерді шығару бойынша әлемдік индустрияда көшбасшы болып табылады.




Яндекс.Метрика