Үкімет

Кәрім Мәсімов ТМК компанияларына бірқатар тапсырмалар жүктеді

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтың тау-кен металлургия кешенінің өкілдерімен кеңес өткізіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Қарағанды27 Маусым , 18:03

Кездесу кезінде аймақтағы ТМК ірі компанияларының басшылығы Кәрім Мәсімовті саланың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы хабардар етті.  

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр шығарылатын өнім өндірісін арттыруды, сонымен қатар кәсіпорын жұмысшыларының барлық әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан өзге, Кәрім Мәсімов жобалардағы жергілікті мазмұн үлесін арттыру қажеттігін атап өтті.

 




Яндекс.Метрика