Халықаралық интеграция

Қ. Бишімбаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің Қазақстаннан басқарушысы болып тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Пекинде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) басқарушылар кеңесінің бірінші жыл сайынғы отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде27 Маусым , 18:34

Басқарушылар кеңесіне әр елден бір мүше кіреді. ҚР Президентінің Жарлығымен Қуандық Бишімбаев АИИБ-нің Қазақстаннан басқарушысы болып тағайындалды.

Отырыс барысында қатысушылар АИИБ бюджетін талқылады, Басқарушылар кеңесі төрағасын және оның орынбасарларын, кезекті отырысты өткізу күні мен орнын сайлады.
Қуандық Бишімбаев Қазақстан Азияда өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.
«АИИБ ынталандыру ролін атқарады және әлемдік экономиканың экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрылысына жаңа инвестициялар легін әкеледі» - деді министр.
Осыған байланысты, Қазақстан Қытайдың АИИБ құру жобасы бойынша бастамасын әуел бастан қолдады және АИИБ ортақ құрылтайшыларының бірі бола отырып тұра дайындық жұмыстарына белсене қатысады.

Айта кетейік, АИИБ құрудың негізгі мақсаты экономикалық дамуға, әл-ауқатты жақсартуға құруға жәрдемдесу және Азияда инфрақұрылымға басқа да өндірістік секторларға инвестициялар салу арқылы инфрақұрылымның өзара байланысын жақсарту болып табылады.

57 елдің 37-і Азия елдері, 20 – өңірлік емес елдер болып табылады. Қытай, Үндістан, Ресей және т.б. ірі акционерлер болып табылады.
Банк қызметінің маңызды қағидаты өңірлік және ғаламдық экономикалық дамуға жәрдем көрсетуге дайын барлық білдірген елдер үшін ашықтық болмақ.
Қаржыландырудың басым бағыттары энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және т.б. болады. 

 

 




Яндекс.Метрика