Парламент

А.Ахметов: Қазақстанда банк аударымы кезінде өз еркімен тарифтеуге кедергі жасау керек

Қаржы және бюджет бойынша ҚР Сенат Комитеті «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасын талқылады, талқылау барысында депутаттар банк аударымы кезінде өз еркімен тарифтеу мәселесін қозғады, сонымен қатар Қазақстандағы виртуалды валюта заңдылығын талқылады.
Астана қаласы27 Маусым , 17:58

Қаржы және бюджет бойынша ҚР Сенат Комитетінің алдында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелерінің мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдау немесе қабылдамау шешімі тұр.

Заң жобасын талқылау аясында ақша аударымы барысында банктермен тарифтерді өзгерту мәселесі талқыланды.

«Қандай негізде банктер жеке тұлғаларға ақшаны аударған кездері 15 күн ішінде  ақшаны алғандары үшін 0,69 пайыздан 0,89 пайызға дейін комиссиясын алады, алайда ақшаны салған тұлға ақша салған кезінде комиссияны төледі? Клиент тек 15 күннен кейін ғана комиссиясыз ақшаны ала алады. Яғни, 15 күн бойы банк ол қаражатты өз негізінде қолданатын болады, ал клиент күтеді»,-деді сенатор Ольга Перепечина.

ҚР Ұлттық банкінің төраға орынбасары Алпысбай Ахметовтың айтуы бойынша, тарифтер мен тарифтердің қызметі банк және клиент арасында келісімде анықталады. Сонымен қатар, қазір банк келісімге отырғаннан кейін тарифті өзгертуі мүмкін және оны клиентке хабарламауы да мүмкін.

«Сол себепті заң жобасында бұл іске шектеу қойдық, яғни Қазақстанның ішінде банк клиенттің келісімінсіз тарифті өзгерте алмайды. Халықаралық есептеу бойынша тарифтер көтеріле алады, алайда Қазақстанда клиенттердің келісімінсіз өз еркімен тарифтерді өзгертуге кедергі жасау керек. Менің ойымша, біз дұрыс жолмен келе жатырмыз»,-деді А.Ахметов.

Сонымен қатар, ҚР Сенат депутаттары Еуропа мен АҚШ-та атаққа ие болып жатқан витруалды валюта мәселесін талқылады.

«Сол себепті қазіргі күні бұл виртуалды валюталар заңнан тыс. Ұлттық банк пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қазіргі күні бұл мәселені қарастырудамыз және қаржы нарығында оның трендін бақылаудамыз»,-деді А.Ахметов.

Естерінізге сала кетейік, ҚР Ұлттық банкі заң жобасының қажеттілігі туралы айтты. Сонымен қатар, заң жобасы Ұлттық банктің тұжырымдамасын анықтайды.




Яндекс.Метрика