Білім беру

Астананың үш мектебі ҰБТ қорытындысы бойынша үздік ондықтың қатарына енді

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа баллының қорытындысы бойынша Астананың үш мектебі республикамыздағы үздік мамандандырылған мектептер ондығына кірді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы27 Маусым , 20:27

«Дарын» мамандандырылған лицейінде ҰБТ-ның орташа баллы 113-ті, дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің орташа көрсеткіші 111,98 баллды және дарынды қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінде 111,63 баллды құрады.

Жалпы, еліміздегі дарынды балаларға арналған 124 мектептің бесеуі елордада орналасқан. Соның ішінде, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі мен дарынды балаларға арналған № 81 «Astana English School» гимназиясы бар.

Еске салайық, 2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша үздік мамандандырылған мектептер тізіміне дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде»мектебі енген болатын.


 




Яндекс.Метрика