Парламент

Н.Нығматулин: Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы журналистер еңбегінің нәтижесінде ақпаратпен жан-жақты қамтылды

Журналистер еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ақпаратпен жан-жақты қамтылды. Бұл туралы ҚР Мәжіліс Парламентінің спикері Нұрлан Нығматулин Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай мәлім етті.
Астана қаласы27 Маусым , 17:06

«Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ақпаратпен жан-жақты қамтылды. Осы жылдары Қазақстан Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен үлкен жетістіктерге қол жеткізді және олар біздің журналистердің жазған ақпараттарында объективті көрініс табады»,-деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс спикерінің ойынша, бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби жұмыстарының арқасында барлық қазақстандық қоғам Мәжіліс жұмсыстары, оның ұжымы мен жұмыс топтары туралы объективті ақпаратты ала алады.

«Біздермен бірге жасап жатқан жұмыстың маңыздылығын түсіне отырып, Мәжіліс Парламенті қоғам үшін де, сіздер, журналистер үшін де ашық екендігін айтқым келеді. Мәжіліс депутаттарының атынан және өз атымнан келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын»,-деді Н.Нығматулин.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика