Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Қарағанды облысындағы шойын қорыту барысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на барып, №2 Домна пешіндегі шойын қорыту барысымен танысты.
Қарағанды27 Маусым , 16:49

Кәсіпорын қызметкерлері 2012 жылы қайта жаңғыртудан өткеннен кейінгі домна пешінің жұмысы туралы айтып берді.

Еске сала кетейік, №2 домна пешін қайта құру жөніндегі шешім 2009 жылдың соңында өабылданған болатын. Бұл - «АрселорМиттал Теміртаудың» Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына қосылған ең ауқымды және қымбат тұратын инвестициялық жобасы. Екінші домна пешін қайта құруға 109 млн. АҚШ доллары жұмсалған. №2 домна пешінің қайта жаңғыртудан кейінгі жобалық қуаттылығы жылына 1,3 млн. тонна шойынды құрайды.

Бұдан бөлек, Кәрім Мәсімов сортпрокатты цехына барды. Аталмыш кәсіпорын 2008 жылы іске қосылған болатын. Жобаның құны 47,3 млн. доллар. Жыл сайын шығаратын прокаты 400 мың тоннаны құрайды.  




Яндекс.Метрика