Қаржы және бюджет комитеті «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына бас комитет болып белгіленді. Бюрода Палатаның 2016 жылғы 29 маусымда болатын кезекті отырысының күн тәртібіне ұсыныстар да енгізілді.
Отырысқа, атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманың ратификациясы енгізілді. Сенат одан басқа төлемдер мен төлем жүйелері туралы және заңнамаға төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым) заң жобаларын қарайды.