Өңірлер

Қостанай облысының әкімі терроризмге қарсы комиссияның отырысын өткізді

Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов құқық қорғау, арнайы органдары және жергілікті атқарушы органдары басшыларының, сондай-ақ ЖОО ректорларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қостанай27 Маусым , 19:26

Іс-шарада қоғамды терроризм мен діни экстремизм идеологиясының ықпалынан сақтау мақсатында Қостанай облысында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізудің тиімділігі мәселелері, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жағдайы талқыланды.

Сонымен қатар, облыстың елді мекендері аумағын және әсіресе барлық қару-жарақ дүкендерін бейнебақылаумен кеңінен қамту мәселелері қозғалды.

Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, ІІД және МКҚБ басшылары, сондай-ақ облыстық дін істері жөніндегі басқармасының басшысы баяндама жасады.
Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов террористік қауіп-қатердің туындауына себеп болатын барлық алғышарттарға барабар ден қоюдың маңыздылығын атап өтті және комиссия мүшелеріне терроризмнің алдын алу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және нормативтік талаптарға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын арттыру бойынша шаралар қолдануды тапсырды.

Комиссия отырысының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне терроризмнің алдын алу саласындағы қызмет тиімділігін арттыру жөнінен нақты тапсырмалар берілді.

 

 




Яндекс.Метрика