Қазақстанның Тәуелсіздігі

ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған спартакиадаға мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, үстел теннисінен мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында VIII жазғы республикалық спартакиадасы болып өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область28 Маусым , 08:43

Оған еліміздің Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Оңтүстік Қазақстан облысынан 8 команда қатысып, 64 оқуш ы бақ сынасты. 

Екі жылда бір келетін дәстүрлі спартакиаданың негізгі мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, оқушылардың бос уақытын ұтымды пайдалану және өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. 

Спартакиаданың жабылу салтанаты шарасына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ержан Бұрханов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Сайыс барысында облысымыздан іріктелген құрама команда жалпы командалық есепте 1-орынға қол жеткізсе, 2-орынды Шығыс Қазақстан облысы алып, 3-орынға Қостанай облысының шәкірттері лайықты деп табылды. 

 

 




Яндекс.Метрика