Адами капитал

Қ.Қасымов: БАҚ халықтың құқықтық санасын арттыруда ерекше рөл атқарады

Байланыс және ақпарат күні қарсаңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Маусым, 17:41

«Қазақстанның ішкі істер органдары – бұл еліміздің көп функциялы және көп санды құқық қорғау органдарының бірі болып табылады. Полиция органдары барлық қылмыстық істердің 90% тергеуді жүзеге асырады, азаматтармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады, автокөлік ресімдеу, рұқсат алу, көші-қон құжаттары және өзге де бірқатар мәселелер бойынша тікелей жұмыс істейді. Біздің негізгі мақсатымыз – бұл барынша ашықтықты, жариялылықты, сондай-ақ біздің қызметіміздің тиімділігі мен кәсібилігін қамтамасыз ету. Ал азаматтардың сенім деңгейі – біздің жұмысымыздың басты индикаторы. Алайда, БАҚ-пен толыққанды өзара іс-қимылсыз осы міндетті шешу мүмкін емес.Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты шынайы хабар етуде, халықтың құқықтық санасын арттыруда баспасөз ерекше рөл атқарады», атап өтті ішкі істер министрі.

Мереке қарсаңында ІІМ-нің бұйрығына қол қойылды, онда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полицияның жұмысын белсенді жариялағаны, полиция қызметінің беделін арттыруға ықпал еткені үшін республикалық БАҚ-тың 33 журналисі марапатталды.

Салтанатты іс-шара барысында Қ. Қасымов журналистерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Материалдары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал еткен және полиция қызметін туралы жариялап жүрген БАҚ өкілдерін марапаттау ішкі істер органдарының барлық аумақтық бөліністерінде өткізілді.


 





Яндекс.Метрика