Астана күні

Х.Кифер: Астананың құрылу жылдары Қазақстандағы экономикалық өзгеріс кезеңі болды

Қазақстан мен Өзбекстандағы Фридрих Эберт атындағы Қордың аймақтық директоры Хенриетте Кифер қазақстандықтарды Астана Күнімен құттықтады.
Астана қаласы27 Маусым , 16:19

Биыл Қазақстан жаңа астанасының құрылғанына 18 жыл тлолуын атап өтеді. Бұл аз ғана уақыт болғанымен, осы мерзісде Астана заманауи мегаполиске айналып, қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми және әлеуметтік-мәдени орталыққа айналып үлгерді.

«Астана – Қазақстанның жаңа астанасы. Ол жыл өткен сайын өзінің жаңаша түрлендіруімен таң қалдарады. Бұл қалаға келе бергің келеді. Астана өзінің жастығына қарамастан халықаралық деңгейдегі мемлекеттік іс-шараларды өткізуде. Астана жыл өткен сайын өзінің ерекшелігімен көзге түсіп келеді. Астана – бұл Қазақстанның келбеті»,-деді Х.Кифер.

Оның айтуынша, бұл жылдар Қазақстан үшін халықтың өмір сапасы мен стандартын өзгертекен экономикалық өзгеріс кезеңдері болды.

«Фридрих Эберт атындағы Қордың атынан барлық қазақстандықтарды астана Күнімен құттықтаймын»,-деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика