Өңірлер

CҚО-да Елорда күнін мерекелеу аясында 800 шара өтеді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте Елорда күніне дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан27 Маусым , 16:02

Облыстың алдағы Астана күніне дайындығы туралы облыстың ішкі саясат басқармасының жетекшісі Әсем Рахметова баяндады.

Оның айтуынша, мерекелеу аясында өңірде 800 шара өткізу жоспарланған, ол 25 маусым мен 12 шілде арасында өткізіледі. «Бұл мәдени-бұқраралық, спорттық, білім беру-ағарту және қайырымдылық шаралары мен 44 нысанның ашылу салтанаты. Оның ішінде 72  пәтерлі тұрғын үй, балабақша, 7 цех, 2 стадион, 1 спорт алаңы, 1 дәріхана, элеватор, 3 шағын маркет, 6 дүкен, кафе бар», - деді ол.

А.Рахметова айтып өткендей, мерекелеудің басты оқиғасы – 6 шілде Елорда күніне арналған  мерекелік концертті салтанатты түрде ашу.




Яндекс.Метрика