Үкімет

К.Мәсімов Қарағанды облысындағы ақ қаңылтыр өндіретін бірегей кәсіпорында болып қайтты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болып, «Бизнестің жол картасы 2020» аясында іске қосылған лакталған және литографиялық ақ қаңылтыр өндіретін «Ast Etalon Crown» кәсірпорнында болып қайтты.
Қарағанды27 Маусым , 15:27

«Ast Etalon Crown» «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қолдауы арқасында 2008 жылы пайдалануға берілді. Кәсіпорында кроненпробка өндіріледі, ақ қаңылтырды лактау мен литографиялау іске асады. Ақ қаңылтырды лактау мен литографиялау сызығы айына 800 тоннаға дейін барады, ал кроненпробка- айында 90 миллион дана.

Айта кетейік, бұл Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын және ол халықаралық стандарттар бойынша аталмыш өнімді өндіреді.

Облыс әкімінің орынбасары Ануар Ахметжанов Премьер-министрге шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ақпаратты айтып өтті, сонымен қатар, облыстағы индустрияландыру мәселелерін.

К.Мәсімов цех нысандарын қарап шықты және өндіріс барысымен танысты, сонымен қатар, кәсіпорын басшысы Юри Дюлиннің  баяндамасын тыңдады.  




Яндекс.Метрика