Жаңа қазақстандық патриотизм

Астанада «Тұңғыш-Первый» деректі кино апталығы басталды

Астанадағы Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай «Тұңғыш-Первый» атты деректі кино апталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 27 Қараша, 10:36

«Назарбаев орталығының көрме залында Кино апталығын өткізу аясында «Н.Назарбаев. Өмірбаяны» атты интерактивті экспозициясы ашылды. Көрмеде Ұлт көшбасшысы – ҚР Президентінің қызметін жан-жақты таныстыратын кітаптар, фотосуреттер, аудио және видеофильмдер көпшілік назарына ұсынылды», - делінген хабарламада.

Кино апталығының ашылуына қатысушылардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен Тамақ өнеркәсібі стандарттау мен технология және экономика колледжі студенттері Н.Назарбаевтың өмірбаянынан деректер келдіріп, жас таланттардың байқауы ұйымдастырылды.

«Ел болашағының қазіргі жастар қолында екенін Елбасы жиі айтады. Жоғары білімді, тәрбиелі жастар «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді тапсырманы арқалап жүруге бел байлап отыр. Бұған ең бірінші үлгі ұлтына аянбай қызмет еткен ҚР Президенті болып табылады. Деректі кино апталығындағы бағдарламада көрсетілген әр мағлұмат Назарбаевты үлкен саясаткер және азамат ретінде танытады. Осы арқылы сіздер көп жағдайға қанық боласыздар деп ойлаймын», - деді Қазақстан Республикасы Президентінің Канцеляриясының бастығы, «Назарбаев Орталығы» ММ-нің директор қызметін уақытша атқарушы Махмуд Қасымбеков.

«Тұңғыш-Первый» атты деректі кино апталығының ашылу күнінде көрермендерге «Ел анасы» мен «Үзеңгілестер» атты шығармалар көрсетілді.

Апта бойы 8 деректі фильм көпшілік назарына ұсынылып, ҚР Тәуелсіздігі тарихындағы Назарбаевтың еңбегі насихатталмақ.





Яндекс.Метрика