Халықаралық интеграция

Прагада «Казақстан Республикасы – Чехия Республикасының Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі» конференциясы өтті

Прагада «Казақстан Республикасы – Чехия Республикасының Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі» конференциясы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде27 Маусым , 14:48

Прагада «Чехия Республикасының еуропалық қозғалысы» және «Fontes Rerum» қоғамдық ұйымдары «Казақстан Республикасы – Чехия Республикасының Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі» конференциясын ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов, Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младек, Чехия Президенті Әкімшілігі Халықаралық бөлімінің директоры ГинекКмоничек, Чехия-Қазақстан энергетикалық компаниясының тең төрағасы Зденек Збытек, Чехия Республикасының іскерлік, қоғамдық-саяси және ғылыми-сараптық топтарының 100-ден астам өкілі қатысты.

С. Әбдікәрімов конференцияға қатысушыларға тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстанның мемлекеттікті орнату жолындағы негізгі қадамдары, «Стратегия-2050» негізіндегі әлеуметтік-экономикалық реформалардың, «Нұрлы жол» және Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы туралы баяндап берді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамаларына, Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің мазмұнына, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шолу жасап, чех серіктестерді Қазақстанға шақырды.

Я. Младек өз баяндамасында Қазақстанның экономикалық дамуының және жаңғыртылуының нәтижелерін жоғары бағалады. Ол Чехияның Еуропа одағына мүше-мемлекет ретіндегі екіжақты деңгейде, әрі 2015 ж. 21 желтоқсанда Астанада қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім негізінде Қазақстанмен инвестициялық және сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге деген ұмтылысын білдірді.

Г. Кмоничек соңғы жылдары жоғары саяси деңгейдегі, жұмыс деңгейіндегі делегациялар сапарлары санының және экономикалық байланыстардың артқанына назар аударды. Оның пікірінше, бұл Прага мен Астананың екіжақты ынтымақтастықтың бүкіл спектрін сапалы және көлемді кеңейтуге деген айтарлықтай өзара мүдделілігін көрсетеді.

З. Збытек екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы әлеуетіне, чех компанияларының Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға деген қызығушылығына ерекше көңіл бөлді.

Іс-шараның соңында С. Әбдікәрімов чех бұқарасының Қазақстанның тарихы, туристік әлеуеті, білім беру және медицина жүйелері, «ЭКСПО-2017» және Қазақстан-Чехия екіжақты қатынастарының ахаулы мен перспективалары туралы сұрақтарына жауап берді.

 




Яндекс.Метрика