Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Сұлтанов: Республикалық бюджетте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығын 39,4% -ға дейін өсті

Министрлік қызметінде әлеуметтік сала бұрыңғыдай басым болып табылады, деп ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлім етті.
Астана қаласы27 Маусым , 13:47

«2015 жылдың ішінде республикалық бюджеттің шығыны 7 трлн 163 млрд теңгені құрады. Әлеуметтік сала бұрыңғыдай басым болып табылады. Бірінші кезекте бюджеттің контрциклдік ұлғайтылуы әлеуметтік шығынды ұлғайтуға бағытталды. Олардың үлесі республикалық бюджеттің құрылымында 39,4 пайызға дейін өсті немесе 2,8 трлн теңгеге дейін, л жергілікті бюджет – 53,1 пайызға дейін немесе 2 трлн теңгеге дейін. Яғни, бюджеттің үштен бір бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған»,-деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9% -ға артты, бала туғандарға арналған жәрдемақы 399 мың алуға төленді, бала күтіміне арналған 87 мың адамға  зейнетақы жарналары төленді, әлеуеті төмен отбасылардың балаларына жарты миллиондық көмек қаражаты берілді.

«Бюджетті жақсы іске асыру үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және процедуралық іс-шаралардың бірқатары қозғалды. Мемлекеттік сатып алулар уақтылы және толық электронды түрде өткізілді. Рәсімдер жақсарды және ақшалар бірыңғай бөлінді. Бюджет кодексіне жаңа тұжырымдама енгізілді – пайдаланбау. 2015 жылы 9 салалық мемлекеттік органдар 241 мақсатты индикаторға қол жеткізуді қамтамасыз етті»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, ағымдағы жылы республикалық бюджет 8,3 трлн теңгені құрады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика