Үкімет

К.Мәсімов: Қарағандыдағы жаңа ТК құрылысының барысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Самұрық-Қазына есебінен салынып жатқан «Жанұя» тұрғын үй кешенінің құрылысы барысымен танысты.
Қарағанды27 Маусым , 13:07

Тұрғын үй кешенінің құрылысы «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» тұрғын үй қоры арқылы» бағытымен салынуда.

Облыс әкімдігінен К.Мәсімовке баяндаған өкілдер ғимараттың тұрғын үй кешені ретінде және тағы басқа да қосымша орындары бар кешен болатынын айтты. Сонымен қатар, тұрғын үй Қазақстанда өндірілген инновациялақы панельдерден дайындалатыны айтылды.

Белгілі болғандай, құрылыс жобасы Саран қаласындағы үй құырылыс комбинатында ҚР бұрын болмаған жаңа өнімді пайдаланып, дайындалған жоба. Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіров атап өткендей, аталмыш өнім құрылыс нысанын сапалы әрі жылдам салуға  мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, жобада қолданылған технология қазіргі қолданылып жүрген технологияға қарағанда тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінде 20% үнем жасауға болады екен.




Яндекс.Метрика