Инвестициялар

Соңғы 3 жылда ЕҚДБ Қазақстанға 1,7 млрд еуро инвестициялады (ФОТО)

Соңғы 3 жылда ЕҚДБ Қазақстанға 1,7 млрд еуро инвестициялады, деп хабарлады ЕҚДБ директорлар кеңесінің мүшесі Рафаэль Бэло баспасөз конференциясы аясында.
Астана қаласы 27 Маусым, 13:02

«Қазақстан – ЕҚДБ-нің маңызды стратегиялық серіктесі. Біз өзара байланысымыздың аясында 200 сәтті жобаны жүзеге асырдық, қазақстандық экономикаға 6,7 млрд еуро  инвестициялады», - деді ЕҚДБ-ның  Орталық Азия  мен Түркия бойынша атқарушы директоры  Наташа Ханженкова.

Р. Бэло айтып өткендей, 3 жылда ЕҚДБ Қазақстанға 1,7 млрд еуро салған.

«Бұл сома 3 жыл бұрын инвестицияланған қаржыдан 2 есе жоғары. Біз Қазақстанға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда инфрақұрылым мен энергетика екі негізгі сала болып табылады. Болашақта біз жеке салаға инвестиция салуды жоспарлаудамыз», - деді ол.

Айта кетейік, Еуропа қайта құру және даму банкі директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының үкіметімен кездесу өткізді. Премьер-министр Кәрім Мәсімов төрағалық еткен кездесуде тараптар екіжақты әріптестікті, экономикалық жағдайды және үкімет тарапынан қабылданған шараларды талқылады

Анар Тәңірқұлова

Сурет:Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика