Үкімет

Премьер-Министр Қарағанды облысының билігімен түйнемеге қатысты жағдай бойынша кеңес өткізуде

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада өткен кеңесте уәде еткеніндей, Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, бұл туралы ол өзінің твиттер-аккуантында "Қарағандыға ұшып келдім. Жұмыс сапары" деп хабарлаған.
Қарағанды27 Маусым , 12:57

Қарағанды әуежайына келген соң Премьер-Министр бірден жергілікті билік орындарының қатысуымен аймақта түйнеме ауруының тіркелуіне байланысты жағдайды айқындау үшін кеңес өткізуді бастады, деп хабарлады pm.kz.

Бүгін сонымен қатар Кәрім Мәсімов тұрғын үй құрылысы жағдайымен, металлургия және тау-кен ісі саласындағы инновациялық технологиялар зертханасы жұмысымен танысады.

Сондай-ақ Премьер-Министр Қарағандыдағы мамандандырылған ХҚКО-ында болып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнына барады деп күтілуде, онда ол сала мамандарымен бірге тау-кен металлургия кешенінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.

Еске салайық, Үкімет басшысының кестесінде ел аймақтарын аралау жоспарланған. Өткен аптада Премьер-Министр жұмыс сапарымен Ақтөбе және Алматы облыстарында болып қайтқан еді.

 

 

 




Яндекс.Метрика