Инвестициялар

ЕҚДБ Қызылорда әуежайының инфрақұрылымын жаңғырту мен Оралды жылумен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуді жоспарлап отыр

Еуропалық қайта құру және даму банкінің кеңес директорларының делегациясы екі күндік сапарымен Қазақстанға келді. Кеңес құрамына ұйым өкілдері мен банктің акционерлері болып келетін елдер кірді. Сапардың бірінші күнінде ЕҚДБ Кеңесінің директорлары Қазақтан Үкіметінің төрағаларымен дөңгелек үстел өткізді.
Астана қаласы27 Маусым , 12:49

ҚР Премьер-Минитсрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен қатысушылар екіжақты ынтымақтастық мәселесін, Қазақстан мен әлемде болып жатқан экономикалық жағдайды және ҚР Үкіметімен қолданып жатқан шараларды талқылады.

«Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен  кездесу жақсы өтті. Оны 5 министрліктің делегациясы сүйемелдеді. Біз Қазақстан мен ЕҚДБ арасында тұрғызылған ынтымақтастық пен серіктестік жайында сөз қозғадық. Баршаларыңыз білетіндей, Қазақстанға жылына шамамен 700 млн евро инвестицияланады. Бізде ынтымақтастықтың түрлі құралдары мен біріккен жобалар бар және біз оны іске асыруға талпынудамыз»,-деді баспасөз-конференциясы барысында ЕҚДБ кеңес директорының мүшесі Рафаэль Бело.

Шара аясында екі келісімге қол қойылды және сол бойынша Қазақстанның екі аймағында жобаны іске асыру үшін несие бөлу жоспарланған.

«Қазақстан ЕҚДБ-ның өте маңызды стратегиялық серіктесі. Біз өзіміздің қарым-қатынасымыздың тарихында 200-ден астам жобаны іске асырдық, қазақстандық экономикаға 6,7 млрд евродай қаржы салдық. Біздің ынтымақтастығымыздың ең маңызды бағытының бірі – Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуды қолдау. Бүгінгі іс-шарада Қызылорда және Орал қалаларымен жобаларға қол қойдық – бұл маңызды оқиға. Қызылорданың әкімдігімен қарым-қатынасымыз бұрыннан бері өрбу үстінде және түрлі салада жасалып жатқан 10-шы жобамыз. Бүгін біз әуежайды жаңғырту туралы алдын ала келісімге қол қоямыз – бұл байланысты жақстаруға маңызды болып табылады. Сондай-ақ, Оралмен орталық жылу беру бойынша, сонымен қатар біз 12 аймақта жұмыс жасаймыз»,-деді ЕҚДБ  Түркия мен Орталық Азиядағы басқарушы директор Наташа Ханженкова.

ЕҚДБ алдын ала келісімдеріне сәйкес, Қызылорда қаласындағы Қорқыт – Ата Әуежай АҚ-ға несие беру қарастырылған, яғни жаңа жолаушылар терминалын құруға және әуежайдың инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,7 млрд теңге беру.

«Бүгін біз жаңа жолаушылар терминалын құру мен әуежайдың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ЕҚДБ-мен келісімге қол қойдық. Үкіметтің шешімімен әуежай халықаралық болды»,- деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

 Сонымен қатар, ЕҚДБ Орал қаласының тұрғындарына орталық жылуды жаңғыртуға  10 млн евроға дейін несие берудің мүмкіндіктерін қарастыратын болады.

«ЕҚДБ Қазақстандағы жетекші инвестор болып табылады. Біз үшін ЕҚДБ-мен ынтымақтастық жасау маңызды. Біз алдағы уақытта да сіздермен ынтымақтастық жасауға ниеттіміз»,-деді БҚО әкімі Алтай Күлгинов.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика