Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Сұлтанов: Қазақстанда жалпыға бірдей табыс декларациясын енгізу бойынша проблема жоқ

Қаржы министрлігінде Қазақстан халқын жалпыға бірдей табыс декларациясын енгізу мәселесіне дайындауға уақыты жетеді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде.
Астана қаласы27 Маусым , 12:43

«Бізде инфроқұрылым дайын. Мүмкін түсіндіру жұмыстары әлі де жеткіліксіз шығар, бірақ, біз іс-шара жоспарына сәйкес оны жүргізетін боламыз және бұл шаруаны аяғына дейін жеткізу өте маңызды. Бұл жүйегше халықтың негізгі массасы 2017 жылы тартылатын болады. Ол 1,2 млн. адам. Қалғандары 2020 жылдан бастап тартылатын болады. Бізде аталмыш жүйені халық түсіндіру үшін уақытымыз жеткілікті. Сондықтан жалпыға бірдей декларациялауды енгізуде ешқандай проблема жоқ»,-деді Б.Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, аталған жүйеде елеулі салықтық шегерістерді енгізу ескеріліп отыр, бұл өз кезегінде халыққа өз кірістерін білім алуға, ем алуға, ипотеканы жабу үшін жұмсауға мүмкіндік береді.

Табыстарды жалпыхалықтық декларациялауға бiрте-бірте, екi кезеңмен өту көзделiп отыр.  2017 жылдан бастап декларацияны мемлекеттiк қызметкерлер мен мемлекеттiк сектор қызметкерлерi тапсырады. Олар – халықтың басқаларға қарағанда декларацияға дайын бөлiгi. Қазiргi таңда мемлекеттiк қызметкерлердiң басым бөлiгi және судьялар декларация тапсырады. Одан кейiн 3 жыл дайындыққа, түсiндiру жұмыстарына, сәйкес инфрақұрылым жасауға берiледi.  Осы 3 жылдан кейiн, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған бөлiгi декларация тапсырады.

.

Ары қарай барлық жеке тұлға жыл сайын табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырып отыратын болады. 




Яндекс.Метрика