Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Э.Суханбердиева: Қазақстанда IT-технология саласына 5 мыңнан астам маман қажет

Қазақстанда IT-технология саласына 5 мыңнан астам маман қажет, деді білім және ғылым вице-министрі Астанадағы Орталық Азиядағы білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар симпозиумы барысында.
Астана қаласы27 Маусым , 12:28

«9-сыныптан кейін оқушылар болашақ мамандығын таңдайды. Бізде 90 пайызы,  әскерге кеткен балаларды санамағанда жұмысқа орналасады.  Техникалық-кәсіптік білім беру бойынша жұмысқа орналасу мәселесі аз. Қазір біз АКТ белсенділетеміз, себебі ақпараттық технологиялар әлемді басқарады. Қазір елде IT-технология саласына 5 мыңнан астам маман қажет. Қазір тәжірибе алмасу бағдарламалары іске қосылады», - деді вице-министр.

Э. Суханбердиеваның айтуынша, жұмыс орнында технологияларды дамыту білім беру мен кадр дайындау саласындағы заманауи мамандарды қажет етеді. Оның барлығы  ұстаздардың оқу тәжірибесінде технологияларды пайдалану нәтижесінен кейін туады. Біліктілікті арттыру ұстаздар үшін өте маңызды.

Естерінізге сала кетейік, АКТ –ны дамыту 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсатында халықаралық күн тәртібіндегі 4-ші мақсаттарына сәйкес келеді. кәсіптік білім беру саласындағы кәсіби дағдылар және АКТ-ны қолдану тұрақты дамудың мақсаттарын іске асыру үшін маңызы зор болып табылады.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика