Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Сұлтанов: Қазақстандықтар 1,7 триллион теңгеге мүлік пен ақшаны заңдастырды

Қазақстандықтар 1,7 триллион теңгеге мүлік пен ақшаны заңдастырды, деп ҚР қаржы минитсрі Бахыт Сұлтаноы халықпен кезекті кездесуі барысында айтып өтті.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 12:23

«Бүгінгі күні 1, 7 триллион теңгеге мүлік пен ақша заңдастырылды. Оның ішінде бірнеше триллион теңге – ол банк жүйесінің шотына түскен ақшалар. Шамамен 300 миллиард теңге – комиссияда өңделіп жатқан өтініштер және алдағы күні ресми түрде айналымға түседі»,-деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, сөз барысында, министр, ЖІӨ-ге мемлекеттік қарыз 21,6%-ды құрайтындығын, ал оның қызмет көрсеуі 10%-ға жетпейтіндігін айтып өтті.

«Шектік мәнге жету әлі алыс. Мемлекеттік қарыздың рейтингісі бойынша Қазақстан 134 елдің ішінде 12-ші орынды алады. Борышты басқару мәселесі бақылауға алынған. Ағымдағы жылдың бюджеттік тұжырымдамасына сәйкес, бюджет тапшылығын одан әрі қамтамасыз ету қолға алынды. 2019-2020 жылдарға қарай, біз оны ЖІӨ-ге 1%-ға дейін қысқартатын боламыз»,-деді министр.

2016 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстанның мемқарызы 9 мрлн 22 млрд теңгені құрады (26,6 млрд доллар).




Яндекс.Метрика