Инновациялар

Қазақстан кәсіби-техникалық білім беру саласындағы АКТ дамытуда Кореяның тәжірибесін енгізеді

Қазақстан кәсіби-техникалық білім беру саласындағы АКТ дамытуда Кореяның тәжірибесін енгізеді, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Астанадағы білім саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша Орталық-Азиялық симпозиум барысында.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 12:13

«Президент 2017 жылы балаларымызды алғашқы мамандық бойынша тегін оқытуымыз керек деген мәселе көтерген болатын. Ақпараттық-коммуникациялық технология – бұл біздің балаларды оқытуымыздағы ең басты негіздердің бірі. Қазіргі жаңа технологияның барлығы – бұл IT-технология. Аталмыш сала қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда 5 млн бейне сабақтар жүргізіледі және біздің кәсіби-техникалық лицейлеріміз осыны көрсететін болады. Сіздер білесіздер, ақпараттық-технологияны Корея мықты жасайды. Сондықтан, біз аталмыз елдің тәжірибесін енгізіп, қолданатын боламыз»,-деді ол.

Ақпараттық технолгияны (АКТ) енгізу мен қолдану үкіметпен серіктестік қарым-қатынасты, салалық серіктестікті және білім саласындағы барлық мүдделі тараптармен, сонымен қатар, материалдық ресурстармен қамтамасыз ету үшін инновациялық қаржыландыру тетіктерімен серіктес болуды талап етеді.

Осыған байланысты CASIE 2016-да көрме ұйымдастырылып, онда кәсіби-техникалық білім беру үшін ақпараттар таратылып, ынтымақтастық пен тәжірибе алмасулар болды және жергілікті және халықаралық ұйымдар өз жобаларын ұсынды.

Атап өту керек, алқалық іс-шара аясында симпозиум форматындағы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты 5 елден 60 маман келіп талқылауға қатысты.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика