Инновациялар

Астанада білім саласында АКТ бойынша Орталық Азия симпозиумы өз жұмысын бастады

Астана қаласында кәсіби техникалық білім саласында (CASIE 2016) ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша Орталық Азия симпозиумы өтуде.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 11:43

«Келесі жылы Президент Н.Назарбаевтың тапсырысы бойынша тегін кәсіби-техникалық білім енгізілетін болады. Бұл жерде ақпараттық-коммуникациялық технология басымдылықтардың бірі болып табылады. Орталық Азия симпозиумы аясында Қазақстанның, Қырғызстанның, Монғолияның, Тәжікстанның, Өзбекстанның төрағалары, сондай-ақ Бангкок пен Кореяның ЮНЕСКО бюросы осы салада үздік тәжірибелерін таныстырды. Өздерініз білетіндей, Корея ақпарттық технологияда алда тұрады»,-деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Айта кетейік, симпозиум жастар арасында кәсіби білім беруді қолдау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін қарастыруға бағытталған. Олардың ішінде – барлығы үшін ашық, икемді және түрлі оқулықтардың мүмкіндігі, тәжірибелік оқытуды қолдау, ақпарттық білімді нығайту және еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуде оқыту саясатын дамыту, білім беру және оқыту саласында АКТ-ны кең түрде меңгеру аясында ынтымақтастық қарастырылған.

Аталмыш симпозиум бесінші болып келеді, симпозиум тақырыбы - кәсіптік білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу.

Естерінізге сала кетейік, АКТ –ны дамыту 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсатында халықаралық күн тәртібіндегі 4-ші мақсаттарына сәйкес келеді. кәсіптік білім беру саласындағы кәсіби дағдылар және АКТ-ны қолдану тұрақты дамудың мақсаттарын іске асыру үшін маңызы зор болып табылады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика