Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Сұлтанов: Республикалық бюджет 8,3 триллион теңгеге жетті

Республикалық бюджет 8,3 триллион теңгеге жетті, деп хабарлады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов есекптік кездесуінде.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 11:32

«Өткен жылы республикалық бюджет 7 триллион теңгеден сәл ғана асқан болатын. Биыл ол 8,3 триллион теңгеге жетті. Осылайша, өздеріңіз көріп отырғандай экономикалық құлдырауға қарамастан, экономикалық дамуды қолдай отырып, бюджет шығыстары өсуде. Осыған орай, бюджет тапшылығы 3% қауіпсіз деңгейден аспайды. Өткен жылы да, биыл да бюджет бірнеше өзгертулерді көтерді. Бір жағынан, қажетсіз шығындарды қысқартып, ішкі жағдаяттарды реттеу өте қажет болды. Екінші жағынан, әлеуметтік міндеттерді сақтап және арттыру керек болды»,-деп хабарлады министр.

Өткен жылы жеті триллиондық бюджет ревизиясы мен қайта қарауға бір триллион теңге ілікті. Олардан 840 млрд. теңге қысқартылды. Жаңа шараларға шамамен 170 млрд. теңге қайта бағытталды.

«Биыл қысқа уақыттың ішінде бюджетті нақтыладық. Наурыз айында-ақ жаңаша дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қаржыландыру ашық болды. Бұл экономикаға жаңадан құю. Бір уақытта мемлекеттік сатып алулар поцесін жеделдету шаралары қабылданды. Енді бұл процедураларды қаржыландырудың ашылуын күтпей-ақ, ертерек жариялай беруге болады. Бюджеттік процедуралар айтарлықтай оңтайлынлдырылды. Мұның барлығы дағдарысқа қарсы шаралар аясында өте маңызды және экономикаға жаңа қаржыларды жеткізуге мүмкіндік береді»,-деді Бақыт Сұлтанов. 




Яндекс.Метрика