Өңірлер

ОҚО-да мемлекеттік қолдау аясында англияның асыл тұқымды сиыры өсіріледі

Бәйдібек ауданында, Боралдай елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер М.Назарбаев «Сыбаға» бадарламасы аясында 93 бас «Абердин -Ангус» ірі қара малын сатып алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан27 Маусым , 15:43

Кәсіпкердің негізгі мақсаты: Ірі қара мал тұқымын 1000 басқа жеткізіп асыл тұқымды репродукторлы шаруашылыққа айналдыру. «Абердин-ангус» тұқымы сапалы ет беретін ірі қара мал тұқымдасына жатады және жиі сапалы азықтандыру мен баптап күтуді қажет етеді.

Қазіргі таңда мұнда аналық бас сиырлар 380 кг, аталық бас- 430 кг салмақта. Күтіп-баптау мерзімі жеткенде әр аталық бас 700 кг дейін ет береді.

Айта кетейік, осы елді мекеннен 10 азамат жұмыспен қамтылып, ірі қара малдарды баптау жұмыстарымен айналысуда.




Яндекс.Метрика