Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қазығұртта 500-ден астам азамат жұмыспен қамтылды

Ауданның әлеуметтік даму бағдарламасына сай 2016 жылдың 5 айында тұрақты жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлары артығымен орындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область27 Маусым , 11:14

Дәлірек айтсақ, аудан көлемінде атқарылған қарқынды жұмыстардың нәтижесінде  504 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды. Бұл өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 32 адамға артып отыр. Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 164 адам тартылып, былтырғымен салыстырғанда  15 адамға артқан. Сонымен қатар, Қазығұртта жыл басынан бері 481 жаңа жұмыс орны ашылды.

Айта кеткен жөн, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 айда 950 азамат жұмысқа тартылып, өткен жылға қарағанда 260 адамға артық орындалған. Оған  осы жылдың наурыз айында өткен жәрмеңке себеп болды деуге болады. Жұмыссыз және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шара нәтижесінде жергілікті 22 тұрғын мен 44 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналасып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артқаны байқалған.Жалпы аталған ауданда жыл көлемінде 1568 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика