Болашақтың біртұтас ұлты

Т.Ширмер: ҚХА әрдайым мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты ынталандырады

Қазақстан халқы Ассамблеясы - әрдайым мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты ынталандыратын институт, сондай-ақ тікелей этномәдени бірлестіктердің арасында, деп «Оберег» украиндықтардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тамара Ширмер «Strategy2050.kz» АА эксклюзивті берген сұхбатында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 10:57

«Қазақстан халқы Ассамблеясын құру Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының қисынды жалғасы болды және Тәуелсіздікті алған күннен бастап оның Көшбасшылығын жалғастырудың бастамасы. Қазақстан басынан бастап қазіргі заманға сай, кеңестік мемлекетті құруға, бейбітшіл, төзімді және сындарлы диалог мұраттарына  бағыт алған. Барлық әлем бойынша ҚХА-ның бірегейлігі мойындалды және оның халықаралық мәселелердегі оңтайлы жұмыстары да мойындалды»,-деді Т.Ширмер.

Оның айтуы бойынша, Ассамблея республикамыздағы барлық ұлттардың тепе-теңдігін көрсетеді, ал ортақ отанымыз Қазақстан барлық ұлттарды біріктіреді.

«Бұл жерде Н.Назарбаевтың үлкен еңбегі жатыр және ол Қазасқтан халқы Ассамблеясын құру туралы идеяны ұсынды, ол этникалық құндылық пен этнос аралық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі Ассамблея – маңызды қоғамдық-мемлекеттік институт, ол әрдайым мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты ынталандырады»,-деді Т.Ширмер.

Ботагөз     Айтжанова




Яндекс.Метрика