Білім беру

Астанада Мемлекеттік басқару академиясының 87 түлегі диплом алды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, Сот төрелігі мен Басқару институттарының түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі болып өтті, деп хабарлады Академияның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 27 Маусым, 10:24

Түлектерге Академияның ректоры Болатбек Абдрасилов,ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов және ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Рахимбек Мамырбаев құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов және Каунас технологиялық университетінің Өзін-өзі басқару қызметшілерін оқыту орталығының (Литва) директоры Йоланта Вайчюнене қатысты.

Аталған іс-шарада «Саясаттану», «Статистика» және «Құқықтану» мамандықтарының 87 магистрантына оқуды аяқтағаны туралы дипломдар тапсырылды.

Осы жылы алғаш рет Академия мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі  арасындағы Меморандум шеңберінде Статистика департаменттері мен Статистика комитетінде жұмыс істейтін 17 мемлекеттік қызметші магистратура бағдарламасының «Статистика» мамандығы бойынша білім алды.

Биыл Академияның 203 түлегінен 97%-ы магистрлік диссертацияны «өте жақсы» және «жақсы» бағаларына қорғады, ал кешенді емтихандарды 92%-ы сәтті тапсырды.   

2015–2016 оқу жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша оқуды Әзірбайжан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғыз Республикасының 17 мемлекеттік қызметшісі тәмамдады.

Түлектердің жүргізілген сауалнамасы Академия жұмысын жоғары бағалағанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 87%-ы оқыту бойынша күтілетін нәтижелерге оңға беріп, 70%-ы оқу аяқталғаннан кейін мансаптық өсу келешегін атап көрсеткен және дәл сондай шамада сауалнама қатысушылары мемлекеттік қызметтің тәжірибелік қызметінде алынған білімдерінің талап етілетінін атап өткен.

 

 





Яндекс.Метрика