Евразиялық одақ

Т.Валовая: ЕАЭО мен ЕО экономикалық мәселелерде ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтауға мүмкіндік туғызады

ЕЭК интеграция мен макроэкономика бойынша министрі Татьяна Валовая «Тайиаластан ынтымақтастыққа: Еуропадағы қауіпсіздіктің қалыпқа келуі» халықаралық конференциясына қатысты. Аталмыш конференцияны Еуроападағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ықпалды германиялық саяси орталықтармен – Конрад Аденауэр және Фридрих Эберта қорларымен бірлесіп, ЕҚЫҰ-на Германияның төрағалығы аясында ұйымдастырды.
Әлемде27 Маусым , 10:07

Т.Валовая «Бәсекелестік немесе ынтымақтастық: интеграциялық үдерістердің үйлесім перспективасы» сессиясында сөз сөйледі. Онда Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселесі төңірегінде пікір талас болды. Оған ЕО-ң ресми сала өкілдері мен бірқатар еурлопалық елдердің өкілдері қатысты, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Ол Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуропалық комиссиямен ашық диалогқа дайын екенін атап өтіп, ЕАЭО пен ЕО экономикалық мәселелерде ЕҚЫҰ кең кеңістігінде қауіпсіздікті нығайтауға мүмкіндік туғызады, деп атап өтті.

Еске сала кетейік, Еуропадақы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ірі аймақтық ұйым. Ол Солтүстік Америка, Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан 57 елді біріктіреді.




Яндекс.Метрика