Үкімет

Премьер-Министрге Достық кентінің дәрігерлері өз жұмыстары туралы әңгімелеп берді

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов Достық кентінің ауруханасына барып, жергілікті дәрігерлермен жүздесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Алматы25 Маусым , 14:56

Достық кентінің ауруханасының жұмысы туралы Премьер-министрге аудандық аурухананың бас дәрігері айтып берді. Кәрім Мәсімов медициналық кабинеттердi көріп, аурухананың заманауи жабдықтармен жабдықталуын тексерді.

Ауруханада 50 төсек-орын бар, 14 - бір орындық палата, 23 – екі орындық және 13 – төрт орындық палата, физиотерапия, педиатрия, терапия кабинеттері қарастырылған. Емдеу мекемесінде 110 адам жұмыс істейді.

Аурухана су, жылу жүйелерімен жабдықталған.




Яндекс.Метрика