Үкімет

К.Мәсімов Алматы облысындағы шекаралық жүк стансасының жұмысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ контейнерлік-тиеу алаңының жұмысымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Алматы25 Маусым , 14:39

«Достық» стансасы жұмыс сипаты жағынан жүк және сұрыптау стансасының функцияларын атқаратын шекаралық жүк стансасына жатады. Ол Ақтоғай-Мемлекеттік шекара учаскесінен 303-310 шақырым қашықтықта орналасқан.

Стансада ҚХР-дан келетін жүк пойыздарын қабылдау—жіберу, жолаушылар пойыздарын қабылдау-жіберу, вагондар жүктерін тар табанды жолдан кең табанды жолға тиеу-түсіру бойынша операциялар орындалады. Тасымалдау бойынша барлық жұмыстар кешенін атқару үшін стансада төрт қабылдау-жіберу паркі, жүк тиеу орындары мен кірме жолдар бар.

Достық стансасының жүк тиеу орындарының жалпы тәуліктік өнімділігі қолайлы жұмыс жағдайларында 344 контейнерлері бар вагонды, 130 ашық вагонды, 144 жартылай вагонды, 270 вагондар ауыстыру мен 100 вагон мұнай өнімдерін құрайды.

Алашанькоу (ҚХР) стансасының жүк тиеу орындарының тәуліктік өнімділігін ескерумен Достық-Алашанькоу мемлекетаралық түйісу бекетінің өткізу қабілеті жылына 20 млн. тоннаны құрайды.




Яндекс.Метрика