Үкімет

Премьер-Министр Алматы облысындағы газ толтыру стансасының жұмысын бағалады

Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Достық» газ толтыру стансасының жұмысымен танысты.
Алматы25 Маусым , 14:32

Үкімет басшысына вагон және автомобиль цистерналарының газбен толтырылу және оларды қабылдау барысы көрсетілді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Баяндамашы, «Dostyk Gas Terminal» ЖШС акционерлер өкілінің айтуынша, стансада сұйылтылған көмірсутекті газды сату көлемі жылына 1 млн тоннаны құрайды.

Станса бір мезетте 60 цистерна – вагонды қабылдай алады. Сонымен қатар замауни жабдықтар бір ретте 14 автомобиль цистерналарын газбен толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, «ДостықГазТерминал» - Қазақстаннан Қытайға сұйылтылған газды жеткізу жобасын жүзеге асыру үшін құрылған біріккен кәсіпорын.




Яндекс.Метрика